Вода для инъекций (Новосибхимфарм)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Инъекцияға арналған су
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекция үшін дәрілік түрлерді дайындауға арналған еріткіш, 5 мл
Құрамы
1 мл препарат құрамында
белсенді зат – инъекцияға арналған су, 1 мл
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз, иісі жоқ сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқа препараттар. Емдік емес басқа дәрілер. Еріткіштер.
Код АТХ: V07AB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Су мен электролиттерді тұрақты түрде кезектестіріп енгізгенде гомеостазды демеу бүйрек арқылы жүзеге асады.
Фармакодинамикасы
Инъекцияға арналған су инъекцияға арналған ерітінділерді дайындау үшін қолданылады, субстраттар мен судың үйлесімділігі мен тиімділігі үшін оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Қолданылуы
Ұнтақтардан, лиофилизаттардан және концентраттардан инъекция үшін стерильді ерітінділерді дайындауға арналған ерітінді ретінде.
Инъекцияға арналған су тері астына, бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге арналған дәрілік заттардың стерильді ерітінділерін тура қолданар алдында дайындау үшін қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақтарды және құрғақ затты қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес, вена ішіне, бұлшықет ішіне және тері астына инъекциялар түрінде.
Тәуліктік дозасы мен енгізілу жылдамдығы сұйылту үшін инъекцияға арналған су қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес белгіленуі тиіс.
Инъекцияға арналған суды пайдаланып, дәрілік заттардың ерітінділерін дайындау асептикалық жағдайларда жүргізілуі тиіс (ампулаларын ашу, шприц пен ыдыстарды дәрілік заттармен толтыру).
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер жоқ.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Егер дәрілік заттардың кейбіреуі үшін міндетті еріткіш ретінде басқа еріткіш көрсетілсе, инъекцияға арналған су сол дәрілік заттардың еріткіші ретінде қолданылмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен (инъекция дайындауға арналған ұнтақтар, құрғақ заттар) араластырғанда, үйлесімділігін көзбен қарап бақылау қажет (химиялық немесе фармацевтикалық үйлесімсіздік орын алуы мүмкін).
Айрықша нұсқаулар
Осмостық қысымы төмен болғандықтан, инъекцияға арналған суды тікелей инъекциялауға немесе инфузия түрінде енгізуге болмайды (гемолиз қаупі бар!).
Инъекцияға арналған суды инъекцияға арналған майлы ерітінділермен, сыртқа қолданылатын күйдіретін дәрілермен араластырмайды.
Инъекцияға арналған су инфузияға арналған ерітінділерді дайындау үшін, жараларды жуып-шаю және таңғыш материалды сулау үшін қолданылмайды.
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы сұйылту үшін Инъекцияға арналған су қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес анықталады.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану симптомдары туралы мәліметтер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда 5 мл-ден.
10 ампуладан картоннан жасалған қорапқа салынған. Әр қорапқа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық салынады.
Сақтау шарттары
5 ºC-ден 25 ºC-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Новосибхимфарм» АҚ
630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275
тел. (383) 363-32-44,
факс (383) 363-32-55.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Новосибхимфарм» АҚ
630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275
тел. (383) 363-32-44,
факс (383) 363-32-55.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Валента Азия» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даңғылы, №151 үй, №1102 кеңсе
Тел./факс 8 (727) 334-15-51, Е-mail: asia@valentapharm.com